«Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 299 бұйрығы
(2026.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 19 қарашадағы № 412 бұйрығын қараңыз (2027 ж. 23 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2022.04.05. № 137 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2026.15.05. № 191 бұйрығымен (2026 ж. 30 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
««Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
С. Омаров |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интергация министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының